🗓️ 2025 жылғы 16 қыркүйек күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры Айдын Серікұлының бастамасымен, Үржар орманшылығының қатысуымен, сондай-ақ Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауылында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы “Таза Өлке” экологиялық акциясы өтті.
✅ Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағындағы тазалықты сақтау және жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
🚯 Акцияға жалпы саны 25 адам қатысты. Бірлескен күшпен әкімшілік аумақтың жарты гектар жері тазартылып, 0,1 тонна әртүрлі тұрмыстық қалдық жиналып, ұлттық парк техникасымен қоқыс полигонына шығарылды.
⚠️ Мұндай экологиялық сенбіліктер тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелеуге, жастарды экологиялық жауапкершілікке баулуға бағытталған. Сонымен қатар бұл шара — “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып отыр.
♻️ Осындай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ!

 

🖊️ Экскурсия жетекшісі: Д.Баяхметов.

2025 жылғы 11-қыркүйек күні Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Барқытбел орта мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған «Бір тал кессең, он тал ек!» атты танымдық дәріс сабағын өткізді. Шараның мақсаты — жас ұрпаққа табиғатты сүюді, орманды қорғау мен көгалдандырудың маңыздылығын ұғындыру.

         Дәріс барысында инспекторлар ағаш отырғызудың экологиялық маңызы мен орманды қорғаудың негізгі ережелері туралы баяндады. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, белсенді пікір алмасу орын алды. Дәріске барлығы 13 адам қатысты.

         Ал келесі күні, яғни 2025 жылғы 12-қыркүйекте, Барқытбел орта мектебінің ауласында 50 түп алма ағашы отырғызылып, экологиялық акция жалғасын тапты. Бұл шараға Тарбағатай МҰТП-нің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары да белсене атсалысты. Экоакцияға жалпы 35 адам қатысып, соның ішінде 15-і — мектеп оқушылары, 20-сы — мемлекеттік инспекторлар болды.

         Іс-шара табиғатты қорғау және жасыл желек көлемін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың белсенділігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерекше байқалды.

         Бұл акция болашақ ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған игі қадам болды.

Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

Ертеде осы тауды қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен етіпті. Бірақ бұл жер дамылдауға, қоныс қылуға, түнеуге өте жайсыз болады. Себебі, қаптаған суыр түні бойы ащы дауыстарымен шаңқылдап, маза бермеген екен.
Қалмақтар суырды «тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Осыған байланысты олар бұл биікті «Тарбыға-тай» — яғни «Суырлы тау» деп атап кетеді. Уақыт өте келе бұл атау «Тарбағатай» деген түрге еніп, бүгінгі күнге дейін өз қалпын сақтап қалған.
Бұл аңыз табиғат пен тілдің, тарихи таным мен халықтық түсініктің өзара байланысын көрсетеді.
 
Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.

«Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. 
Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Ал бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық. 
Мұны ел ішінде жаппай қолдау тапқан жасампаз құндылықтардың жарқын көрінісі, халқымыздың игі істерге деген ұмтылысы деп түсінген жөн. Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіремін. 
Тазалық мәдениетін қоғамда терең орнықтыру – өте маңызды міндет. Осы бағытта Үкімет экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге тиіс. Бұл жұмыс мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін барлық деңгейдегі білім мекемелерін қамтуы қажет».
t.me/aqorda_resmi 

1 1

🐗 Орта Азия қабанының (Sus scrofa) күндізгі белсенділігі көбінесе қоршаған орта жағдайларына, адам факторына және маусымға байланысты өзгереді. Орта Азия қабаны негізінен түнгі белсенділік танытатын жануар алайда кей жағдайларда күндіз де белсенділік көрсетуі мүмкін – бұл көбінесе маусымға, қауіптің деңгейіне және тіршілік ортасына байланысты.


🖊️ Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Бұл күн табиғатты аялауға, жануарлар дүниесін сақтап, қорғауға өз өмірін арнаған жандарға арналды.
Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері – тек қана аңшылықты ұйымдастыратын емес, сонымен қатар:
🌿 Жануарлар популяциясын қорғаушы,
🌿 Орман мен дала экожүйесін сақтаушы;
🌿 Заңсыз аң аулаудың алдын алушы;
🌿 Ұрпаққа табиғи байлықты аманат етуші жандар.
 
Олардың еңбегі – табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершіліктің үлгісі. 🌍
Барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне жеміс тілейміз!
 
Табиғатты қорғау – болашаққа қызмет ету! 🌱
 
 1
Құттықтаушылар: “Тарбағатай” МҰТП ұжымы.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында қызметкерлермен түсіндіру жиналысы өткізілді.

Жиналыста Заңның 12-бабы 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес:
• лауазымды тұлғаларға құмар ойындарына және (немесе) бәс тігуге ойын мекемелерінде де, сондай-ақ интернет желісі арқылы да қатысуға тыйым салынатыны,
• барлық мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтауға міндетті екендігі,
• белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік қарастырылатыны,
кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу, адалдық қағидаттарын сақтау және мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттілігі баса айтылды. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттама толтырылды.

 

1 1

Директор орынбасарының м.а., заңгер:
Н.Дүйсекенов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95