- Толығырақ
Құстар әлемі — табиғаттың бірегей бөлігі. Олар экожүйедегі тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады, ал олардың мінез-құлқы, миграциясы мен тіршілік ету ортасы бізге табиғаттағы өзгерістер туралы мол мағлұмат береді. Осы себепті ұлттық парк аумағында құстарға бақылау жүргізу — ғылыми және экологиялық тұрғыдан аса маңызды іс.
Құстарға жүйелі түрде бақылау жүргізу:
• Түрлердің санын және таралу аймағын анықтауға;
• Қоршаған ортаның жай-күйін бағалауға;
• Сирек және жойылып бара жатқан құстарды қорғауға;
• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
#Кәдімгітүркептер
#Сарыалқымаражегіш
#Қызғыш
#Барылдауықүйрек
#Бозүйрек
#Ұзынсирақбалшықшы
#Үлкенаққұтан
#Көкқарға
#Сұрқаз
#Сарыалақаз
#Қосреңқарлығаш
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығында қысқы маусымға дайындық аясында биотехникалық іс-шаралар атқарылуда. Қыс мезгілінде жабайы жануарларды қосымша азықпен қамтамасыз ету мақсатында бұтақты азықтар дайындалды. Сонымен қатар, аншылықтанушы мамандардың қатысуымен тұз қорлары орманшылыққа қарасты орман шеберлік учаскелеріне үлестіріліп, арнайы белгіленген орындарға жеткізілді.
Жануарларды қоректендіруге арналған арнайы жем астаулары (науалар) жасалып, орман алқаптарына орнатылды. Бұл шаралар жабайы жануарлардың қысқы кезеңді қауіпсіз және қолайлы жағдайда өткеруіне, сондай-ақ олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау мен қорғауға бағытталған.
Орманшылық басшысы: Қ.Шәріпқанов.
- Толығырақ
2025 жылғы тамыз айында “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Бақты” орманшылығының мемлекеттік инспекторлары А.Толубаев пен А.Ахметбеков Майбұлақ шекара бекетінің шекарашыларымен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Рейд ұлттық парктің 13, 14, 15 және 16-шы орамдарын қамтыды. Негізгі мақсат – орман заңнамасының бұзылуына жол бермеу, табиғи байлықтарды қорғау, заңсыз аңшылық пен ағаш кесудің алдын алу, сондай-ақ шекара маңы аумағында құқық бұзушылықтарды болдырмау.
✅ Іс-шара барысында төтенше жағдайлар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Сонымен қатар, тұрғындарға орман заңнамасын сақтау және табиғатты қорғаудың маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🖊️ Мемлекеттік инспектор: Қуаныш Толубаев
- Толығырақ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы, директор орынбасарының м.а. Смаилов Рауан Серікбайұлы Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – Рауан Серікбайұлының табиғатты қорғау саласындағы табанды еңбегінің, жауапкершілігі мен кәсібилігінің айғағы.
✨ Әріптесімізге мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, ел игілігі үшін жасалған қызметіңіз жемісті болсын!
Баспасөз хатшысы: Әсем Көбенова.
- Толығырақ
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен және Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – тәуелсіздігіміздің тұғыры, ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығының кепілі. Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған негізгі заңымыз мемлекетіміздің демократиялық дамуына жол ашып, әр азаматтың құқығы мен бостандығын айқындады.
Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік, елімізге тұрақты даму мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
“Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры: Серкебаев Айдын Серікұлы.
- Толығырақ
2025 жылғы тамыз айында Тарбағатай ұлттық табиғи паркі Үржар орманшылығының инспекторлары мен Үржар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Кертаев Нұржан Серікұлымен бірлесіп рейд жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – ұлттық парк аумағында орман заңнамасының бұзылуына жол бермеу, табиғи ресурстарды қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар жергілікті тұрғындармен орман заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Орманшылық басшысы: Қ.Шәріпқанов.
- Толығырақ
2025 жылғы тамыз айында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлары Орман заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, өрт қаупі жоғары маусымда орман және дала өрттерінің алдын алу мақсаттарында жергілікті тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылған азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, шөп шабу кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ақпараттар берді.
Түсіндірме жұмыстары барысында шылым шегуге және от қалдықтарын қалдыруға болмайтыны, өрт байқалған жағдайда дереу хабарлау қажеттілігі ескертілді.
Нәтиже:
* Орман заңнамасын бұзушылықтың алдын алу мақсатында Уржар АПБ ЖПКБ УПИ Полиция майоры Саулетхан Берик Саулетханұлымен бірлескен рейд барысында заң бұзушылық орын алған жоқ.
• Өрт қаупі жоғары кезеңде парк аумағында орман және дала өрт шығу деректері тіркелген жоқ;
• Халық түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып, қауіпсіздік талаптарын сақтады;
• Мемлекеттік инспекторлар профилактикалық шараларды уақытында және толық атқарды.
Орманшылық басшысы : Қ.Шәріпқанов

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












