Мамыр айының 20-сы күні “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы мен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы шеңберінде “Мақаншы” орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Ұлттық парк аумағында орналасқан Қатынсу өзенінің бойында "Таза өзен, таза жағалау" экологиялық акциясын өткізді.
         Акция барысында мемлекеттік инспекторлар өзен бойын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Акция нәтижесінде 0,5 га жер тазаланып, 0,2 тонна қоқыс жиналып, қоқыс полигонына шығарылды.
         Жалпы алғанда "Таза өзен, таза жағалау" экологиялық акциясы қоршаған ортаны керексіз қалдықтардан тазартуға көп септігін тигізуде. Сондықтан, осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ! Себебі, туған жер табиғатын таза ұстау бәрімізге ортақ міндет. Осыны жергілікті тұрғындар түсініп, қоршаған орта тазалығын сақтауға үлестерін қосады деген сенімдеміз.

 

1 1 1

“Мақаншы” орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Ерлан Жұмағұлов.

         21 мамыр күні Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылының Әсет Найманбаев атындағы мұражайында 22 мамыр - Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай “Ғажайып Тарбағатай” тақырыбында конференция мен көрме өткізілді. Іс-шараға жалпы саны 40 адам қатысты.

         Халықаралық биологиялық әртүрлілік күнінің басты міндеті – Жер бетіндегі флора мен фаунаның көптеген өкілдерінің қайтарымсыз жойылып кетуі және экологиялық жүйелерді сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару.

Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

Ағымдағы жылдың 19 мамыры күні "Тарбағатай" МҰТП қызметкерлері “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы мен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының жоспарына сәйкес аудан орталығында "Табиғат тазалығы - адамзат амандығы!" атты экологиялық сенбілік жұмыстарын өткізді.
Бүгінгі сенбілік аясында жол жиектеріндегі талдардың түбі әктеліп, бей-берекет тасталған қоқыстар тазаланып, ұлттық парк техникасымен қоқыс полигонына шығарылды.
Акцияның басты мақсаты - жасыл желектерді көркейту, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту.
Аталмыш игі шара алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ!

1 1 1 1

 

Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.

2025 жылдың мамыр айының 19-ы күні Аңшылықтанушы Елдос Күлетбаев Жансүгіров орта мектебінің 4-сынып оқушыларына (18 бала) "Қарабас тауы - Қазақстан арқарының мекені" тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға слайдтар көрсетілді. Оқушылар өз тараптарынан қойылған сұрақтарға толық жауаптарын алды.
Сабақтың мақсаты - оқушыларды Қазақстанның Қызыл кітабына енген Қазақстан арқары және оның тіршілік ету ортасы туралы ақпараттандыру.

1 1 1

Аңшылықтанушы: Елдос Күлетбаев.

Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімінің Орман патолог инженері Н.Тұяқбаев, Орман пайдалану инженері М.Қабыл, Мақаншы орманшылыңының Орман шебері Е.Бектұрдың қатысуымен Мақаншы ауданы, Келдімұрат ауылы «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы орта мектебі КММ-нің оқушыларына Ұлттық парк аумағында кездесетін орман зиянкестерінің алдын алу туралы семинар сабақ өткізіліп, бірнеше слайдтар көрсетілді. Слайд соңында, сұрақ - жауап ретінде оқушылар ойында жүрген сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.
Сабақтың мақсаты: мектеп оқушыларына орман зиянкестері туралы жалпы мағлұмат беру.
7-11 сынып оқушылары қатысты
(бала саны 74).

1tar

Орман патолог инженері - Тұяқбаев Нұрлан.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Бұл бағыттағы маңызды бастама Телеграм-чат-бот TazaQazBot болды, ол 2024 жылғы маусымнан бастап халықтан өтінімдерді қабылдау үшін ыңғайлы құралға айналды.

✅ TazaQazBot қалай жұмыс істейді?

Чатботты пайдалану мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы.

Өтініш беру үшін сізге:
- Чат-бот арқылы кіріңіз.
- Проблемалық орынның суретін түсіріңіз.
- Мекен-жайын және мәселенің сипаттамасын көрсетіңіз.

📩 Кейін ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, онда жауапты орындаушы тағайындалады. Өтінімнің орындалу мерзімі оның санатына байланысты автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотоесепті тіркейді, ал азамат жұмысты бағалау мүмкіндігімен хабарлама алады.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 13-і күні Үржар аудандық спорт модулінде «Парктер шеруі — 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Халықаралық отбасы күні қарсаңына орай «Спорт! Табиғат! Денсаулық!» отбасылық спорттық сайысы болып өтті.
Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 4 отбасы қатысты.
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сайыс барысында әр команда команда ұраны мен атауын айтып, сәлемдесіп, «Экологиялық белгілер» зияткерлік байқауы, «Тату команда», «Жануарлардан пазл құрау», «Қоқысқа жол жоқ!» атты сайыстарына түсті. Конкурс нәтижесінде жүлделі орындар анықталды:
1 орын Жеңіс командасы Жансүгіров ОМ
2 орын Абай командасы Абай ОМ
2 орын Тұлпар командасы Абылайхан ОМ
3 орын Радуга командасы Момышұлы ОМ
Сайысқа түскен командаларға алғыс білдіре отырып бағалы сыйлықтарды табыстау және марапаттау рәсімі «Парктер шеруі — 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында табысталатынын хабарлайды.

Рекреация және туризм жөніндегі инженер: Д.Тоқтасынұлы

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95