Мемлекет басшысы:
            «Табиғи байлығымен, жан-жануарлар дүниесімен бүкіл әлемге танымал еліміздің биологиялық әралуандығын қорғау айрықша маңызды міндетке айналды.

            Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау мен экологиялық теңгерімді қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылған. Мысалы, 2024 жылғы жолдауында Мемлекет басшысы экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатты қорғау шараларын күшейту қажеттігін атап өткен болатын.

            Бұл бағыттағы жұмыстар “Тарбағатай” МҰТП сияқты ұлттық парктердің тиімді басқарылуымен және биоәртүрлілікті сақтау шараларымен тығыз байланысты.

Қарабас тауы

Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

*22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін* бүкіл әлем бойынша *«Жер сағаты»* халықаралық экологиялық акциясы өтеді!
 
Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам *жарықты және электр құрылғыларын өшіріп*, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.
 
*Сіздерді «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырамыз!*  
Үйіңіздегі жарықты сөндіріңіз, жақындарыңызбен бөлісіңіз — себебі *табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады*.
 
*Ұйымдар мен кәсіпорындарға* да осы бастамаға қосылып, *сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады.*
 
жер сағаты
 
#ЖерСағаты2025 #EarthHour #ТазаҚазақстан #ТабиғатпенҮндестіктеӨмірСүр

          Ағымдағы жылдың 14-20 наурызы аралығында "Тарбағатай" МҰТП-нің "Мақаншы", "Үржар", "Бақты", "Қарабұйрат" орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары мектеп оқушыларымен “1000 құс ұясы – табиғатқа қамқорлықтың символы!” экологиялық акциясын өткізді.

          Акцияның мақсаты - құстарға қамқорлық көрсету, олардың популяциясын сақтап қалу, яғни оқушыларды экологиялық білімге тәрбиелеу.

          Акция барысында 13 мектептің 112 оқушысы 40 дана құс ұясын жасап, мектеп аулалары мен саябақтарға ілді.

1 1 1 1 1 1 1

Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.

Ұлттық киім – тарихымыздың, мәдениетіміздің айнасы. Қазақтың ою-өрнегі, зерлі шапаны, камзолы – барлығы біздің байлығымыз. Киелі мұрамыз әрдайым асыл қазына болып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталсын! Әр қазақтың жүрегінде ұлттық мақтаныш сезімі артып, дәстүріміз ұмытылмай, ұлтымыздың символына айналсын!

         Асыл мұраны келер ұрпаққа жеткізейік!

Ізгі ниетпен: "Тарбағатай" МҰТП директоры А.Серкебаев.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Бұл бағыттағы маңызды бастама Телеграм-чат-бот @TazaQazBot болды, ол 2024 жылғы маусымнан бастап халықтан өтінімдерді қабылдау үшін ыңғайлы құралға айналды.  

         ✅ @TazaQazBot қалай жұмыс істейді?

         Чатботты пайдалану мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы.

         Өтініш беру үшін сізге:  

- Чат-бот арқылы кіріңіз.  

- Проблемалық орынның суретін түсіріңіз.  

- Мекен-жайын және мәселенің сипаттамасын көрсетіңіз.

            Кейін ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, онда жауапты орындаушы тағайындалады. Өтінімнің орындалу мерзімі оның санатына байланысты автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотоесепті тіркейді, ал азамат жұмысты бағалау мүмкіндігімен хабарлама алады.  

            Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

"Қарабұйрат" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары жұмыс жоспарына сәйкес, өздеріне бекітілген аумақта қар қабатын бақылау, өлшеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс барысы, қар қабатының сипатын және түскен қардың қалыңдығын анықтаудан тұрады. Бақылау қар қабаты пайда болған сәттен бастап, қар толық еріп кететін сәтке дейін жүргізіледі. Қар қабатының биіктігін күн сайын бақылап отыру үшін арнайы өлшеуіш құралдарын қолданады.
Наурыз айының 14-і күнгі қар қабатының биіктік көрсеткіші 150 см-ді құрады.

1


Баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.

2025 жылғы 12 наурызда Үржар ауданында үш күндік толассыз жауған қардан кейін сенбілік ұйымдастырылды.

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өткізілген шара барысында тоғандар мен арықтар, көпірлер мен су өткізу құбырлары қардан тазартылды.

Сенбілікке «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі инспекторлары, аудан әкімдігі, барлық мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Барлығы 200-ден астам адам жұмылдырылып, қарды шығару жұмыстарына 30 арнайы техника тартылды.

Белсенділік танытып, ортақ іске үлес қосқан барша жанға алғыс айтамыз! Бірге өлкемізді таза әрі қауіпсіз етеміз.

Ұлттық паркінің баспасөз қызметі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95