- Толығырақ
Байқау шарттары:
Байқауға Үржар ауылына қарасты мектептердің 3-4 сынып оқушылары қатыса алады.
Байқауға ұсынылатын суреттер 7 наурызға дейін “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кеңсесіне өткізілуі керек. Сурет форматы - А 4 және сурет акварельмен салынуы тиіс.
Бағалау критерийлері:
1) Суреттің атауы (тақырыбы);
2) Тақырыптың ашылуы;
3) Эстетикалық безендірілуі;
4) Суреттің оқушының өз жасына сәйкес болуы;
5)#тарбағатайтабиғат хэштегін көрсетіп, @tarbagatai_2018 парақшасын белгілеу керек.
Мекен-жайымыз: Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 327А;
Байланыс телефоны: 87781497221
Ұйымдастырушылар: Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
- Толығырақ
Ақпан айының 28-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Абылайхан атындағы орта мектептің 6"а", 11"б" сынып оқушыларының "Таза Қазақстан" және "Біртұтас тәрбие" экологиялық бағдарламалары шеңберінде ұйымдастырған "Су - тіршілік көзі" экологиялық акциясына қатысты.
Ең қызығарлығы, оқушылардың судың құрамы мен қасиетіне жасаған зерттеу жұмыстары еді! Сондай-ақ, олар өздерінің дайындаған ән-шашуын, тақпақтарын, көріністерін, мақал-мәтел жарысын, презентацияларын түгелдей табиғатпен байланыстыра білді! Экскурсия жетекшісі Э.Баженов "Су - тіршілік көзі", ал экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова "Орманды сақтау - адамзаттың парызы!" тақырыптарында семинар сабағын өтті.
Экологиялық акцияға 37 оқушы қатысты.
"Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында өткен іс-шараға белсене қатысып, ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткені үшін жетекшілері Туруспекова Лаура Акановна мен Омарова Жанар Султановна "Тарбағатай" МҰТП директоры Серкебаев Айдын Серікұлының алғыс хатымен марапатталды.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлік жүргізушісі Тоқтаров Әлібай Төкенұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны және өз жұмысына деген адалдығы үшін 1-наурыз "Алғыс айту" күні және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесіне орай Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлының алғыс хатымен марапатталды.
Әлібай Төкенұлына зор денсаулық, мол бақыт, еңбегіне табыс тілейміз!
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#minecology #qazaqormany
#аңшылықтанушы
#ОрнитологтарКүні
#Орнитология
#ТабиғаттыҚорғау
#ЖануарлардыҚорғау
#Табиғат
#тарбағатаймұтп
@qazaqormany
@oti_abai
- Толығырақ
2025 жылдың 27-ақпаны күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Э.Баженов пен Р.Көрпешов экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында Ақжар ауылының "Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі" КММ-сінің 7-8 сынып оқушыларына "Таза Қазақстан" және "Біртұтас тәрбие" экологиялық бағдарламалары шеңберінде "Электр энергиясын және суды үнемдеу" тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Семинарға 68 оқушы қатысты.
ҰП баспасөз қызметі.
- Толығырақ
Қыс мезгілінде адамдар мекен ететін аумақтарда азық мол болатындықтан, тоқылдақтар адамдарға жақын жерлерде қыстайды. Елді мекеннің жанында жиі кездесетін зақымданған және ауру ағаштар қабығындағы көптеген жәндіктер тоқылдақтардың басты азығы болып табылады.
Тоқылдақ ешқашан сау ағаштарға зиянын тигізбейді. Шіріген және зақымданған ағаштар оған қызықтырақ, өйткені онда қоректенетін көп азық бар. Ағаш діңімен тоқылдақ спираль тәрізді жол салып жоғарылайды және де ешқашан басымен төмен салбырап тұрмайды. Бұл оның вестибулярлық аппаратының ерекшелігіне байланысты.
Мемлекеттік инспектор: Е.Гергенрейдер.
- Толығырақ
2025 жылдың ақпан айының 19-ы күні ұлттық парктің Ақсуат ауданында орналасқан Үштөбе мастерлік учаскесінің орман шебері Қ.Жүнісов пен мемлекеттік инспекторлары да "Таза Қазақстан!" экологиялық бағдарламасы шеңберінде жасыл желектерді сақтауға және көгалдандыруды арттыруға бағытталған "Жасыл аймақ" экологиялық акциясына атсалысты.
Акция барысында "Өкпеті орта мектебі" КММ-сінің 7-9 сынып оқушыларынан 28 балаға лекция өткізіліп, артынша 20 контейнерге 60 дана кәдімгі қарағай тұқымы отырғызылды.
Аталмыш акция барысында оқушылар кәдімгі қарағай тұқымдарын отырғызуды үйреніп, көшеттерін өсірудің барлық сатыларымен хабардар етілді.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры