2025 жылдың 04-ақпаны күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы, Бестерек ауылының "М.Хасенов атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-сінде "Таза Қазақстан!" экологиялық бағдарламасы аясында "Менің ағашым!" тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырды.

         Аталмыш акцияға 7-9 сынып оқушыларынан 74 бала қатысып, 50 контейнерге 150 дана кәдімгі қарағай тұқымы отырғызылды.

         Акция барысында ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Р.Қабсаметов слайд арқылы семинар сабағын жүргізіп, оқушыларға кәдімгі қарағай тұқымын еккенге дейінгі өңдеу процесі мен егілгеннен кейінгі күтімі жайлы ақпарат берді.

         Қарағай тұқымын егу акциясы әлі  де жалғасын таппақ! "Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы әрбір қазақстандыққа еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!

         Қапизов Ғалымбек Тұрсынбекұлы 1963 жылы 9 қазанда Үржар ауылында дүниеге келген. 1979 жылдан бастап колхозда жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап жеке шаруа қожалығында тракторист болып қызмет етті. 2021 жылдан бері «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде трактор жүргізушісі  болып қызмет етуде. Асыл жар, екі ұлдың әкесі, сегіз немереге ата болып отырған азамат.

         Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам - еңбек адамы! Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі! Сол себепті, жұмысшы мамандықтардың беделі жоғары деңгейде болуы керек.

Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.

Қыс мезгілі ормандар үшін ерекше кезең болып табылады. Аяз бен қарлы күндер орман экожүйесінің өмірін күрделендіреді. Осы кезеңде орманшының қызметі айрықша маңызды болмақ. Мемлекеттік инспектор – табиғат қорғаушысы, орман байлықтарын сақтаушы және экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуші. Қыс мезгілінде олардың жұмысы орманның табиғи жағдайларын қорғау мен бақылау тұрғысынан күрделене түседі. Атап айтқанда,

  • Ормандағы өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғап бақылау, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік сияқты әрекеттермен күресу;
  • Ауа райы құбылыстарын бақылау жұмыстарын жүргізу;
  • Ормандағы жануарлардың тіршілігін сақтау, биотехникалық іс шаралар жүргізу.
  • Орман қорғау мәселелері бойынша тұрғындарға, шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу

сияқты еңбектерінің  арқасында біздің ормандарымыз келешек ұрпаққа да жетіп, табиғаттың әрбір бөлшегі сақталатыны анық.

Үржар орманшылығы басшысының көмекшісі: Аманғазы Мақпал.

2025 жылдың қаңтар айының 29-ы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері "Таза Қазақстан - 2025" экологиялық акциясы аясында Үржар ауданы, Қазымбет ауылының "Қазымбет орта мектеп-бақшасы" КММ-сінің жоғарғы сынып оқушыларымен бірлесіп, "Электр энергиясын үнемдейік!" тақырыбында экологиялық акция өткізді. Акцияға "Үржар" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары да атсалысты.

         Электр энергиясын үнемді тұтынудың пайдасы зор. Ол қоршаған ортаны сақтау факторларының бірі. Себебі, біз энергияның негізгі бөлігін табиғи ресурстардан аламыз. Көмір, мұнай және газ қалпына келмейтін пайдалы қазбаларға жатады. Электр энергиясын өндіру үшін көмір жағамыз, радиоактивті отынды пайдаланамыз, өзендерге тосқауыл қоямыз. Осылайша, қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. Кез келген электр станциясы қоршаған ортаға белгілі бір деңгейде зиян келтіреді. Сол себепті электр энергиясын үнемдесек, электр станцияларының қажетті қуаты айтарлықтай азаяды. Яғни, электр энергиясының өндірісі табиғи ресурстардың көп мөлшерін қажет етеді. 

         Акция барысында оқушыларға слайдтар көрсетіліп, буклеттер үлестірілді, түсіндірме жұмыстары өткізілді. Олар сол арқылы көптеген мағлұматтар алды. Әсіресе, электр энергиясының табиғи ресурстардан алынатынын, қыс айында электр энергиясын тұтыну деңгейі анағұрлым артатындығын біліп, энергияны үнемдеудің тәсілдерін үйренді.

         Акцияға қатысушылардың жалпы саны - 23 адам.

                                      Экскурсия жетекшісі: Ришат Көрпешов.

         Түлкілердің негізгі қорегін тышқандар құрайды. Оның тышқанды қалай аулайтынын қыс айларында байқауға болады. Түлкінің есту қабілеті өте жақсы, ол 100 метр қашықтықтан тышқанның дауысын ести алады. Олар тышқан аулағанда артқы аяқтарына тұрып, сосын кенеттен қар қабатының астына алдыңғы аяқтарымен секіріп тап береді. Қорегін шайнамай, тек ұсақ бөлшекке бөліп қана жұтады.


Мақала авторы: Кіші ғылыми қызметкер Г.Рахметоллаева.
Видеоны дайындаған:
Орман шебері Ә.Көксегенов.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың қаңтар айының 28-і күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ-і қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мақаншы ауданына қарасты  С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен тұқымдарды контейнерлерге отырғызу арқылы көшет өсіру акциясы өтті.

Акцияға 95 оқушы қатысып, кәдімгі қарағай тұқымының 150 данасы контейнерлерге отырғызылды. Акция барысында оқушыларға ағаш тұқымын жинаудан бастап, отырғызғанға дейінгі жүргізілетін жұмыс барысы таныстырылып, алдағы уақытта күтім жұмыстарының қалай жүргізу керектігі түсіндірілді.

Акцияның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын экологиялық мәселелерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру және табиғатты қорғау ісіне белсенді атсалысуға шақыру болып табылады. 

 

Экскурсия жетекшісі: Р.Корпешов.

2025 жылдың 20 қаңтары күні "Қарабұйрат" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Б.Бегешев пен Б.Касенбаев өздеріне бекітілген аумақта Үржар АПБ-нің ЖПҚБ УПИ полиция капитаны К.Нығметолламен броконьерліктің, заңсыз ағаш кесудің және табиғат қорғау заңнамасының басқа да заң бұзушылықтарының жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді.

         Рейд барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ.

 

"Қарабұйрат" орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Б.Касенбаев.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95