2025 жылдың сәуір айының 07-сі күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы, “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы, Республикалық “ТазаLike” жол картасының іс-шарасы шеңберінде “Тарбағатай” МҰТП-нің аумағында орналасқан бұлақ көздері ашылып, қоқыстардан тазартылды.
"Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясына ұлттық парктің "Мақаншы", "Қарабұйрат", "Бақты" орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары зор үлес қосты! "Мақаншы" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары акцияға мектеп оқушыларын жұмылдырды.
ЕҚТА аумағында бұлақтарды қоқыстан тазарту барысында жиналған қоқыс көлемі - 0,15 тонна, акцияға қатысушылар саны - 34 адам, тазартылған аумақтың көлемі - 3 га.
Ауа райы жағдайларын ескере отырып атқарылған аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

Сәуір айының 7-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2025» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Науалы ауылдық округінің « Қ.Төлеубеков атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7 сынып оқушыларына «Жауқазындар күні» атты дәріс-сабақ өткізді.
Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған мәліметерімен бөлісіп, оқушыларды топтарға біріктіріп, әр топқа өз мәліметтерін қорғатты. Оқушылар аумақта кездесетін қызғалдақтардың түрлерімен, олардың Жер бетіне таралуын, табиғаттағы маңызы және қазіргі жай-күйі туралы өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында оқушылар бір-бірлеріне баға беріп, тілек айтты.

#Абайоблысыныңәкімдігі

2025 жылдың сәуір айының 03-і күні "Тарбағатай" МҰТП-нде "Парктер шеруі - 2025" Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті. Салтанат шерумен бастау алып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тауып, "Құстар біздің досымыз!" атты экологиялық байқаумен аяқталды.

          Ашылу салтанатына жиыны 500 адам қатысты. Мақсатымыз - қоғамның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға деген оң көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға қоғамды тарту және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру болды.

          Алдағы 2 ай көлемінде аталмыш акция барысында әртүрлі экологиялық акциялар мен сенбіліктер, байқаулар мен көрмелер, экологиялық сабақтар мен экскурсиялар өткізу жоспарланып отыр.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.

         2025 жылдың 04-ші сәуірі күні "Тарбағатай" МҰТП қызметкерлері “Парктер шеруі - 2025” Халықаралық табиғатты қорғау акциясы мен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының жоспарына сәйкес табиғат жағдайларын есскере отырып, Үржар ауылының ішінде "Табиғат - тал бесігің, аялай біл!" атты экологиялық сенбілік жұмыстарын өткізді.

         Атап өту қажет, бүгінгі сенбілік аясында жол жиектері тазаланып, бей-берекет тасталған қоқыстар қоқыс  полигонына шығарылды. Ұлттық парктен 30 адам қатысқан бұл шара ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

         Акцияның басты мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту.

         Барша ауыл тұрғындарын игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз!

                   Тазалық - Біз бен Сізден басталады!

Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

2025 жылдың сәуір айының 03-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен "Парктер шеруі - 2025" Халықаралық табиғатты қорғау акциясы, "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы, Республикалық "ТазаLike" жол картасының іс-шарасы шеңберінде "Тарбағатай" МҰТП-нде "Құстар біздің досымыз!" атты экологиялық байқау өтті.

          Байқаудың мақсаты - жергілікті фаунаны қолдау және құстардың жағдайын жақсарту.

         "Құстар біздің досымыз!" экологиялық байқауына Үржар ауылының 5 мектебінің Жас орманшылар одағы жұмылдырылып, жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталды:

         Бас жүлде иегері - Құрмет Инауат. Абай орта мектебінің  7а сынып оқушысы;

         1 орын -  Мырзасадық Бақдаулет. Б.Момышұлы орта мектебінің 7В сынып оқушысы;

         2 орын - Лягавин Платон. Б.Момышұлы орта мектебінің 7 Г сынып оқушысы;

         2 орын - Жұмағазы Ерасыл. Б.Момышұлы орта мектебінің 3А сынып оқушысы;

         3 орын - Глазунов Егор, Голубова Дарина, Ганшин Егор. Абылайхан орта мектеп-бақшасының 9г сынып оқушылары;

         3 орын - Ануарбеков Мейржан, Ибраева Назым. Жансүгіров орта мектебінің 9в сынып оқушылары.

         Жеңімпаздарды құттықтай отырып, марапаттау рәсімінің "Парктер шеруі - 2025" Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетінін хабарлаймыз.

Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

02-наурыз күні "Парктер шеруі - 2025" Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарына сәйкес "Тарбағатай" (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары мекемелер мен жергілікті тұрғындарды, мектептер мен оқушыларды экологиялық акция бойынша  ақпараттандыру мақсатында Зайсан ауданының Хафиза Мұстафина мектеп лицейі мен  Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде "Парктер шеруі - 2025" тақырыбында брифинг өткізді.

         Брифингке қатысушылардың жалпы саны - 70 адамды құрады.

1 1 1

Орман шеберінің м.а. М.Манат.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95