- Толығырақ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы, директор орынбасарының м.а. Смаилов Рауан Серікбайұлы Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – Рауан Серікбайұлының табиғатты қорғау саласындағы табанды еңбегінің, жауапкершілігі мен кәсібилігінің айғағы.
✨ Әріптесімізге мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, ел игілігі үшін жасалған қызметіңіз жемісті болсын!
Баспасөз хатшысы: Әсем Көбенова.
- Толығырақ
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен және Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – тәуелсіздігіміздің тұғыры, ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығының кепілі. Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған негізгі заңымыз мемлекетіміздің демократиялық дамуына жол ашып, әр азаматтың құқығы мен бостандығын айқындады.
Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік, елімізге тұрақты даму мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
“Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры: Серкебаев Айдын Серікұлы.
- Толығырақ
2025 жылғы тамыз айында Тарбағатай ұлттық табиғи паркі Үржар орманшылығының инспекторлары мен Үржар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Кертаев Нұржан Серікұлымен бірлесіп рейд жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – ұлттық парк аумағында орман заңнамасының бұзылуына жол бермеу, табиғи ресурстарды қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар жергілікті тұрғындармен орман заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Орманшылық басшысы: Қ.Шәріпқанов.
- Толығырақ
2025 жылғы тамыз айында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығының орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлары Орман заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, өрт қаупі жоғары маусымда орман және дала өрттерінің алдын алу мақсаттарында жергілікті тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылған азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, шөп шабу кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде ақпараттар берді.
Түсіндірме жұмыстары барысында шылым шегуге және от қалдықтарын қалдыруға болмайтыны, өрт байқалған жағдайда дереу хабарлау қажеттілігі ескертілді.
Нәтиже:
* Орман заңнамасын бұзушылықтың алдын алу мақсатында Уржар АПБ ЖПКБ УПИ Полиция майоры Саулетхан Берик Саулетханұлымен бірлескен рейд барысында заң бұзушылық орын алған жоқ.
• Өрт қаупі жоғары кезеңде парк аумағында орман және дала өрт шығу деректері тіркелген жоқ;
• Халық түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысып, қауіпсіздік талаптарын сақтады;
• Мемлекеттік инспекторлар профилактикалық шараларды уақытында және толық атқарды.
Орманшылық басшысы : Қ.Шәріпқанов
- Толығырақ
Тарбағатай тауы – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі табиғи байлығы мол, тарихы терең өңір. Ол Шығыс Қазақстан және Абай облыстары аумағында орналасқан. Жотаның ең биік нүктесі – Тастау тауы (шамамен 2 992 м).
Табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленетін бұл аймақта дала, шөлейт және орманды алқаптар қатар кездеседі. Мұнда марал, арқар, сілеусін, қоңыр аю сияқты жануарлар мекендейді. Сонымен бірге, эндемик өсімдіктер мен дәрілік шөптерге бай.
Бүгінгі күнге дейін флораның 1 640 түрі анықталған. Парктің ерекшелігі – өсімдіктердің сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген 35-тен астам түрінің осында өсетіндігі.
Ұлттық парктің омыртқалы жануарлар фаунасы да бай: жалпы 376 түр бар, оның ішінде 19 түрі – балықтар, 2 түрі – қосмекенділер, 23 түрі – бауырымен жорғалаушылар, 272 түрі – құстар, 60 түрі – сүтқоректілер.
Оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлардың 40 түрі мемлекет қамқорлығына алынған. Атап айтқанда, «Қызыл кітапқа» енген 1 бауырымен жорғалаушы, 33 құс және 6 сүтқоректінің түрі парктің ерекше қорғауында.
Тарбағатай жотасы – табиғи байлығымен ғана емес, тарихи-мәдени мұраларымен де құнды. Мұнда тарихи-мәдени ескерткіштер көптеп кездеседі. Бүгінде ұлттық парк экологиялық туризмді дамытуға қолайлы аймақ ретінде де ерекше мәнге ие.
Видео авторы: @temeshov_serikjan,
Мәтін авторы: Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
– оның табиғи мінез-құлықтарының бірі, көбіне қауіп-қатерді сезгенде байқалады.
• Дыбыс шығаруы (ысқырығы):
Тік тұрған күйде суыр қатты, ысқырық тәрізді дыбыс шығарады. Бұл – дабыл белгісі.
Тік тұрып дыбыс шығару – тек қорғаныс мінезі ғана емес, сонымен қатар үйірге ескерту сигналы. Басқа суырлар дыбысты естіп, дереу інге жасырынуға тырысады.
• Бақылаушы дарақ:
Әдетте бір үйірде «күзетші» суыр болады. Ол ін маңында тік тұрып, қауіпті аңдып, керек болса ысқырып дабыл береді. Бұл – әлеуметтік ұйымдасуының бір көрінісі.
Мәтін авторы: ҒАЭМ бөлімі;
Видео авторы: @take.tau
- Толығырақ
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта «Тарбағатай» зоологиялық қаумалының мемлекеттік инспекторлары жоспарлы рейдтік іс-шара жүргізді. Шара барысында инспекторлар аймақты аралап, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылап, жануарлар дүниесіне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттердің алдын алуды мақсат етті.
Рейд барысында сондай-ақ жергілікті жеке шаруа қожалықтарына барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Инспекторлар қожалық иелеріне арнайы жадынама таратып, өрттің алдын алу шараларын сақтау қажеттігін атап өтті.
«Табиғатты қорғау мен өрттің алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Әр азамат туған жердің байлығын қорғауға үлес қосса, болашақ ұрпаққа аманат етер табиғатымыз да сақталады», – дейді қаумал инспекторлары.
Рейд барысында заң бұзушылықтар орын алмады. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
⸻
🖊️📸 Орман шебері-мемлекеттік инспектор: Аманжол Өтешов.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












