- Толығырақ
Тарбағатай ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері “Кішкенетау орта мектеп-бақшасы” КММ-нің оқушыларына дәріс-сабақ ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жас буынға таулы экожүйелердің маңызын түсіндіру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және таулы өлкенің табиғи байлығын тереңірек таныстыру.
Дәріс барысында мектеп оқушыларына Тарбағатай тауының географиялық ерекшеліктері, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері, сонымен қатар таулардың экологиялық мәселелері, қорғау жолдары және таудың экожүйедегі маңыздылығы айтылды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
Арқарлардың күзгі тіршілігі –– олар үшін қыстың қатаң мінезіне дайындық уақыты.
Күзде арқарлар тәулігіне көбірек жайылады. Себебі алда қатаң қыс, сондықтан олар: май қорының жиналуын күшейтеді, суды аз қажет еткендіктен, шырынды шөптермен қоректенуге тырысады. Арқарлар жазда биік, салқын тауларда жүрсе, күзде қар ерте түсетін биік белдеулерден төменірек жайылымдарға түседі.
Күзде арқарлар ұрғашы және жас арқарлар – бөлек табындарда, еркек арқарлар – өзара шағын топтарда жүреді.
Дегенмен, қыс жақындаған сайын табындар саны көбейіп, топтасу күшейеді.
Күздің соңына қарай күйлеу маусымы басталады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
2025 жылдың 8 желтоқсан күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Серкебаев Айдын Серікұлының төрағалығымен Үржар, Мақаншы, Бақты және Қарабұйрат орманшылықтарының жыл бойы атқарған жұмыстары бойынша орманшылық басшылары есеп берді.
Мақсаты – орман шаруашылығын дамыту, орман қорының сақталуын қамтамасыз ету, жыл ішінде орындалған жұмыстардың нәтижесін талдау және алдағы кезеңге міндеттер белгілеу болды.
Жиын барысында әр орманшылық басшысы өз аумағында жыл көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде толыққанды баяндама жасады. Баяндамаларда төмендегі бағыттар бойынша ақпараттар қамтылды:
- Орман аумақтарын мониторингтеу және табиғи ресурстардың жағдайын бағалау бойынша жоспарлы тексерулер;
-заңсыз ағаш кесу фактілерінің алдын алу мақсатында жүргізілген рейдтер;
-өрт қауіпі бар маусымға дайындық және профилактикалық жұмыстар;
-табиғатты қорғауға арналған бірлескен акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
-жергілікті тұрғындармен жүргізілген үгіт-насихат іс-шаралары.
Әр баяндама талқыланып, артықшылықтармен бірге назар аударуды қажет ететін мәселелер де көтерілді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, орман ресурстарын қорғау жұмыстарының тиімділігін күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында мекеме директоры 2026 жылға арналған нақты тапсырмалар берді.
- Толығырақ
Қазіргі таңда қоршаған ортаға түсетін жүктеме көбейіп келеді. Тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, пластиктің шамадан тыс қолданылуы, орман өрттері мен су ресурстарының ластануы – бұл біздің болашағымызға әсер ететін мәселелер. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін қарапайым күнделікті әрекеттерден бастау жеткілікті: қоқысты арнайы орындарға тастау, суды үнемдеу, жасыл желекті қорғау және табиғатқа зиян келтірмейтін тәсілдерді қолдану.
Жер ананы аялау – өз өмірімізге, келер ұрпаққа жасалған қамқорлық. Егер әрқайсымыз табиғатқа жанашырлықпен қарасақ, таза, жасыл және бейбіт орта қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!
- Толығырақ
Орманшылық аумағында қыста қар мөлшері көп түсетіндіктен, қар деңгейін жүйелі түрде өлшеу — табиғатты қорғау жұмысындағы маңызды үдеріс. Түсетін қардың биіктігін, тығыздығын және оның өзгеру динамикасын бақылау жануарлардың қыстағы жай-күйін бағалау және көктемгі су тасқыны қаупін болжау үшін қажет.
Мемлекеттік инспекторлар өз қолдарымен жасалған жаңа қар өлшеуіштерді орманшылықтың негізгі бақылау нүктелеріне орнатпақ. Жаңартылған құралдар бұрынғы нұсқаларға қарағанда жеңіл, берік және мәліметті дәлірек алуға мүмкіндік береді.
Қарабұйрат орманшылығы қызметкерлері қыстағы табиғи өзгерістерді мұқият бақылап, қар жамылғысы туралы деректерді тұрақты түрде жинауды жалғастырады. Бұл ақпарат табиғатты қорғау шараларын тиімді жоспарлауға және орман экожүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.
Орман шебері: Б.Касенбаев.
- Толығырақ

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры















