📌 2025 жылдың 2 қазанында «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбы бойынша «Тарбағатай» ұлттық парк аумағында дәріс сабағы ұйымдастырылып, «Жанай орта мектеп-бақша» КММ–нің 8-сынып оқушылары қатысты.
📍Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға биоалуантүрлілікті сақтау маңыздылығын түсіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
🔆 Сабақ ашық аспан астында, көркем табиғат аясында өтті. Дәріс сабақты Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері мен мен аумаққа жауапты мемлекеттік инспекторы бірлесе ұйымдастырды.
♻️Сабақтың кіріспе бөлімінде экожүйелер, биоалуантүрлілік ұғымы, және қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат берілді.
🗣️ Сонымен қатар, оқушыларға экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы қандай салдарға әкелетінін мысалдар арқылы түсіндірілді. Сабақтың ең қызықты бөлігі – табиғатта серуендеу және бақылау жұмыстары болды.
📸 Оқушылар топтасып парк аумағының табиғатын тамашалап, суретке түсірді, сипаттама жасады. Бұл балалардың табиғатты тереңірек тануына және зерттеу дағдыларын дамытуына ықпал етті.
Дәріс соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, биоалуантүрлілікті сақтау үшін әрбір адамның қандай үлес қоса алатыны жайлы ой бөлісті.
📈Мұғалімдер мен парк қызметкерлері балалардың белсенділігіне жоғары баға беріп, мұндай сабақтар экологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

🖊️ 📹 Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Тақырыбы: Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстарының есебі

6

🗓 Өтетін уақыты: 2 қазан 2025 жыл
🕙 Сағат: 10:00
📍 Платформа: @tarbagatai_2018 әлеуметтік желісінде

🎙 Спикер: Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлім басшысының міндетін атқарушы Қабсаметов Р.Ж.

📢 Баршаңызды тікелей эфирге қатысуға шақырамыз! Сұрақтарыңызды алдын ала жіберіп немесе эфир барысында қоюға болады.

2025 жылғы 10 қыркүйек күні, Дүниежүзілік туризм күніне орай, Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ЭАРТ бөлімінің экскурсия жетекшілері Ж.Сакиева мен Д.Баяхметов «Б. Жүнісов атындағы орта мектеп-бақша» КММ-нің 10-сынып оқушыларына арналған «Қарабас» туристік маршруты бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Бұл шараның мақсаты – оқушылардың туған өлкенің табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырып, экологиялық және патриоттық тәрбиені күшейту.

Экскурсия барысында оқушылар Қарабас шатқалындағы тарихи маңызы зор петроглифтерді тамашалап, қола дәуірінен сақталған археологиялық мұралармен танысты. Сонымен қатар, өткен ғасырдың ІІХК (НКВД) кезеңінен қалған мөрдің тарихы туралы тың мәліметтерге қанықты.

Тарих пен табиғат тоғысқан бұл бағыт балалардың ерекше ықыласын тудырды. Олар ежелгі тас бетіндегі суреттердің маңызын түсініп, тарихи орындарды көзбен көріп, тың деректер алды.

Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, жетекшілерге шынайы алғыстарын білдірді. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастырады.

1 1 1 1 1 1 1 1

Экскурсия жетекшісі: Жансая Сакиева.

2025 жылдың қыркүйектін 25 күні «Президент жолдауындағы экологиялық өзекті мәселелер: экокөшбасшылар шешу жолдарын бірге қарастыруға дайын» тақырыбында «Эко-көзқарас» жобасының дискуссиялық алаңы өтті. Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетекшілігімен жүргізілген «Эко-көзқарасқа» Маңғыстау облысынан «Үстірт» МТҚ, Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты, Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасы, «Қызылсай» МӨТП, «QazaqBalyk» қауымдастығының Маңғыстау облыстық филиалы, Абай облысынан «Тарбағатай» МҰТП, «Егінсу орта метебі» КММ қатысты.

1 1 1 1 1

ҒАЭМ бөлімінің басшысы: Б.Садақова.

Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке – әр салада адал еңбек етіп жүрген азаматтарға деген құрметтің, алғыс пен ризашылықтың белгісі. Ел дамуының басты қозғаушы күші саналатын еңбек адамына деген қоғам көзқарасын көтеру мақсатында 2013 жылдан бастап ресми түрде бекітілген.

Ал 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланғаны белгілі. Осы орайда Қарабұйрат орманшылығы ұжымы да бұл бастаманы қолдай отырып, еңбек адамын дәріптеуге бағытталған іс-шараларға белсене қатысуда.

Осы орайда Қарабұйрат орманшылығы басшысының Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылып түсірілген арнайы видеосын назарларыңызға ұсынамыз!

📹🖊️ Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

2025 жылдың 25 қыркүйегінде “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығының орман шеберінің көмекшісі Б.Шоқаев пен мемлекеттік инспекторлары Б.Қасенбаев, Е.Мырзағали “Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Орманды өрттен қорғайық!” тақырыбында танымдық дәріс сабағын өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру, орман байлығын сақтау мен қорғаудың маңыздылығын ұғындыру және орман өрттерінің алдын алу жолдарын түсіндіру болды.

Дәріс барысында мамандар оқушыларға орман өрттерінің түрлері, пайда болу себептері және оның табиғатқа тигізетін зияны туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, орман алқаптарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, от жағуға болмайтын орындар, өрт шыққан жағдайда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Шараға 5-9 сынып аралығындағы 9 оқушы қатысты. Олар белсенділік танытып, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Инспекторлар балалардың қызығушылығына ризашылықтарын білдіріп, экологияны қорғау әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

1 1 1 1

Мемлекеттік инспектор: Қасенбаев Бақытжан.

Сізді ұзақ жылдар бойы атқарған адал қызметіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіре отырып, зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Орман қорғау саласында елеулі еңбек етіп, табиғатты сақтау мен оны келер ұрпаққа аманат ету жолында үлкен үлес қостыңыз.

Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз әріптестеріңізге әрдайым үлгі болды.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілейміз!

1 1 1

Құрметпен, “Тарбағатай” МҰТП ұжымы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95