Қазіргі таңда табиғатты қорғау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Осы бағытта еңбек етіп жүрген мекемелердің бірі – “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Мақаншы орманшылығы. Күзгі мезгілде жабайы жануарлардың қысқы кезеңге дайындалуына жағдай жасау мақсатында орманшылар биотехниялық іс-шараларға белсене кірісіп отыр.

Атап айтқанда, орманшылық мамандары жабайы жануарларды қысқы азықпен қамтамасыз ету үшін алдын ала қор жинап жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 7 келі тұз және 550 дана бұтақты азық (веточка-корм) дайындалып қойылды. Бұл – жануарлардың ағзаға қажетті минералдар мен дәрумендерді жеткілікті түрде алуына септігін тигізетін маңызды қадам.

Сонымен қатар, жабайы аңдарға арналған азық пен тұзды қоюға арналған арнайы құрылғылар – науалар да назардан тыс қалмады. Орманшылардың өз қолымен жасалған 9 дана науа таулы және орманды аймақтарға орнатылды. Бұл – олардың кәсіби біліктілігін, табиғатқа деген жанашырлығын көрсететін жарқын мысал.

Мақаншы орманшылығының қызметкерлері бұл жұмыстардың барлығын табиғатты қорғау және экожүйенің тепе-теңдігін сақтау мақсатында атқарып отыр. Олар үшін әр аң мен құстың амандығы – үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауынан туындайтын жұмыс.

– Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан оның әрбір мүшесіне қамқор болу – басты міндетіміз. Қыстың қақаған аязында жабайы жануарларға аз да болса көмек беру арқылы біз олардың өмірін сақтап қалуға үлес қосамыз, – дейді орманшылық басшысының көмекшісі.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл өз кезегінде өңірдегі биоәртүрлілікті сақтауға, орман экожүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Мақаншы орманшылығының табиғатты аялауға бағытталған бұл еңбегі көпке үлгі болары сөзсіз. Алдағы уақытта да мұндай игі бастамалар жалғасын таба береді деп сенеміз.

 

1 1 1 1 1

Мақаншы орманшылық басшысының көмекшісі: Ержан Шакиров.

Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) әрқашан қыркүйек айының үшінші сенбісінде атап өтіледі. Бұл — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және әлемнің 190-нан астам елінде қолдау тапқан жаһандық экологиялық қозғалыс.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аталмыш акцияға жыл сайын қатысып келеді. Бұл бастама — ұжымның табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы тұрақты ұстанымын көрсетеді.

Бүгінгі сенбілік барысында ұлттық парктің Үржар орманшылығына қарасты 45-орамның 16-телімінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға орманшылықтың мемлекеттік инспекторлары белсенді қатысып, табиғаттың тазалығына үлес қосты.

Сенбілікке 15 мемлекеттік инспектор жұмылдырылып, нәтижесінде 0,03 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, ұлттық парктің арнайы техникасымен қоқыс полигонына шығарылды.

Мұндай экологиялық акциялар – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамда экологиялық сана қалыптастырудың маңызды құралы. Сонымен қатар, бұл – жас ұрпаққа табиғатты аялаудың маңызын іс жүзінде көрсететін тәрбиелік шара.

Мемлекеттік инспектор: Аман Шарапиев.

#тазақазақстан
#тазақазақстанэкологиялықакциясы
#тазақазақстан🇰🇿
#табиғатқорғауқызметкерлері
#орманшаруашылығы
#Дүниежүзіліктазалықкүні2025

2025 жылдың 19 қыркүйек күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры Айдын Серікұлының бастамасымен, Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары мен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, әкімшілік аумаққа қарасты Ақтоғай өзенінің жағалауында “Birge - taza Qazaqstan!” экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғам назарын қоршаған ортаның тазалығына аудару, азаматтық жауапкершілік пен табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру.
Акцияда өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, экологиялық тазалықты сақтау бағытында нақты іс-қимыл жасалды.
Іс-шара барысында аудандық “Уақыт тынысы” газетінің тілшісі Гүлнар Байманқызы акцияның маңыздылығын атап өтіп, келешекте осындай шаралардың жиі әрі ауқымды түрде өткізілуі қажет екендігі жөнінде оң пікірін білдірді.
Тілші бүгінгі акция — тек қоқыс жинау емес, бұл — табиғатты қорғау идеясын қоғамға жеткізудің бір жолы. Осындай бастамалар арқылы халықтың экологиялық мәдениеті артады деп сенем артты.
“Тарбағатай” МҰТП ұжымы үшін бұл акция — қоршаған ортаға деген құрметтің, патриоттық рухтың, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің нақты көрінісі.
Іс-шара соңында қатысушылар табиғат аясында ашық пікір алмасып, алдағы уақытта экологиялық бағыттағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды одан әрі күшейту жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.
 
1 1

Мемлекеттік инспектор: Ерлан Акильбеков.

 
2025 жылғы 17 қыркүйек күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Үржар және Қарабұйрат орманшылықтарының мемлекеттік инспекторларының қатысуымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Мөлдір бұлақ” атты табиғатты қорғау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Акцияда Барқытбел ауылының сыртында орналасқан табиғи бұлақ көздері тазартылды. Бұлақ маңындағы шөп-шалаң, қураған өсімдіктер мен тұрмыстық қалдықтар жиналып, бұлақ көздері қалпына келтірілді.
Іс-шара барысында 0,1 гектар аумақ тазартылып, 0,02 тонна тұрмыстық қоқыс жиналды. Жиналған қалдықтар арнайы техниканың көмегімен қоқыс полигонына жеткізілді.
Жалпы 27 адам қатысқан бұл экологиялық акция қоршаған ортаны сақтау, табиғи су көздерін ашып-тазалау арқылы экожүйенің тепе-теңдігін сақтау және болашақ ұрпаққа таза табиғатты аманаттау мақсатын көздеді.
Айта кету керек, аталған бастама ұлттық парк аясында биылғы жылы екі мәрте жүзеге асырылған. Себебі, бұлақ — тіршілік бастауы. Оның көзін ашып, айналасын таза ұстау — әрбір азаматтың табиғат алдындағы борышы.
Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындар мен жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға бағытталған. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл игі істер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
 
 1 1 1

Рекреация және туризм жөніндегі инженер: Дәулет Тоқтасынұлы.

 
🗓️ 2025 жылғы 16 қыркүйек күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры Айдын Серікұлының бастамасымен, Үржар орманшылығының қатысуымен, сондай-ақ Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар ауылында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы “Таза Өлке” экологиялық акциясы өтті.
✅ Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағындағы тазалықты сақтау және жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
🚯 Акцияға жалпы саны 25 адам қатысты. Бірлескен күшпен әкімшілік аумақтың жарты гектар жері тазартылып, 0,1 тонна әртүрлі тұрмыстық қалдық жиналып, ұлттық парк техникасымен қоқыс полигонына шығарылды.
⚠️ Мұндай экологиялық сенбіліктер тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелеуге, жастарды экологиялық жауапкершілікке баулуға бағытталған. Сонымен қатар бұл шара — “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып отыр.
♻️ Осындай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ!

 

🖊️ Экскурсия жетекшісі: Д.Баяхметов.

2025 жылғы 11-қыркүйек күні Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Барқытбел орта мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған «Бір тал кессең, он тал ек!» атты танымдық дәріс сабағын өткізді. Шараның мақсаты — жас ұрпаққа табиғатты сүюді, орманды қорғау мен көгалдандырудың маңыздылығын ұғындыру.

         Дәріс барысында инспекторлар ағаш отырғызудың экологиялық маңызы мен орманды қорғаудың негізгі ережелері туралы баяндады. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, белсенді пікір алмасу орын алды. Дәріске барлығы 13 адам қатысты.

         Ал келесі күні, яғни 2025 жылғы 12-қыркүйекте, Барқытбел орта мектебінің ауласында 50 түп алма ағашы отырғызылып, экологиялық акция жалғасын тапты. Бұл шараға Тарбағатай МҰТП-нің Үржар орманшылығының мемлекеттік инспекторлары да белсене атсалысты. Экоакцияға жалпы 35 адам қатысып, соның ішінде 15-і — мектеп оқушылары, 20-сы — мемлекеттік инспекторлар болды.

         Іс-шара табиғатты қорғау және жасыл желек көлемін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың белсенділігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерекше байқалды.

         Бұл акция болашақ ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған игі қадам болды.

Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.

Ертеде осы тауды қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен етіпті. Бірақ бұл жер дамылдауға, қоныс қылуға, түнеуге өте жайсыз болады. Себебі, қаптаған суыр түні бойы ащы дауыстарымен шаңқылдап, маза бермеген екен.
Қалмақтар суырды «тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Осыған байланысты олар бұл биікті «Тарбыға-тай» — яғни «Суырлы тау» деп атап кетеді. Уақыт өте келе бұл атау «Тарбағатай» деген түрге еніп, бүгінгі күнге дейін өз қалпын сақтап қалған.
Бұл аңыз табиғат пен тілдің, тарихи таным мен халықтық түсініктің өзара байланысын көрсетеді.
 
Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95