БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 жылғы 30 желтоқсанда 22 мамырды Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады, сондай-ақ осы күні Биологиялық әралуандық туралы конвенция қабылданды.

Осы күнде туризм бөлімінің ұйымдастыруымен  "Парктер шеруі - 2023" Халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында "Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне" орай "КӨРМЕ" өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың назарын адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерге аудару, балалардың практикалық және экологиялық іс-әрекеттерін белсендіру, қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасты, оған деген қамқорлықты тәрбиелеу болды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді:

І. «Табиғат балалардың көзімен» байқауы бойынша:

Бас жүлде – Ерланова Айғаным, Ер Төстік балабақшасы;

1-орын – Алпысбай Айнамкөз, Абылайхан ОМБ;

2-орын – Советқан Муслима, Ер Төстік балабақшасы;

3-орын – Серікова Асылай, Тасбұлақ ОМБ.

Тарбағатай тауының бөктерінде алтын түстес гүлдердің жаппай гүлдеп, табиғатқа керемет көрік беретін сәті келді.

16-мамыр күні ұлттық парк кеңсесінде директордың м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен орман шеберлеріне жиналыс өтті.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан фототұзақтағы материалдарды камералдық өңдеу барасында күндізгі уақытта Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) түскені анықталды. 

18 мамыр күні Халықаралық мұражай күніне орай «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар үнімен, Табиғатты қорғайық бүгіннен!» атты ақындар байқауы ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Байқауға қойылған талап: Ұлттық парк учаскелеріне қарасты Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, «Әлет» ботаникалық бағы, т.б. жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару болатын.

Мақсаты: Жас ақындардың сөз байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерінің табиғатына  деген сүйіспеншілігін ояту.

Мүшайраға 21 жас ақын өлең, аңыз, эссе, прозаларды есептегенде 23 шығарма ұсынды. Құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы ақындардың өлеңдеріне төрелік етті:

«Парктер шеруі — 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылуына орай «Спорт!  Табиғат! Денсаулық!» атты экологиялық эстафета ұйымдастырылуда.

Мамыр айының 17-сі күні Үржар аудандық стадионында «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықаралық отбасы күніне» байланысты «Эко-десант» отбасылық спорттық сайысы болып өтті. Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 5 отбасы қатысты.

Бұл сайыстың мақсаты: 

  • оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығына қоршаған ортаның ластануы кері әсер ететінін түсіндіру;
  • жұртшылықтың санасына айналамызды таза ұстау отбасы тәрбиесінен бастау алатынын қалыптастыру;
  • салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.  
  • оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты,  денсаулығы зор,  күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру; 

Конкурс нәтижесі:

1 орын – Абылайхан ОМБ;

2 орын – Тұрлыханов ОМБ

3 орын – Б.Момышұлы ОМБ

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95