- Толығырақ
Құрметті ауданымыздың тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 2023 жылы 02 маусымда сағат 10:00 Орталық алаңға
“Парктер Шеруі - 2023”Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатына ШАҚЫРАМЫЗ!
- Толығырақ
29 мамыр күні ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларына, орман шеберлеріне, инженерлерлері мен мамандарына үлкен жиалыс өтті.
- Толығырақ
Бүгін 28 мамыр күні Туризм бөлімінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі-2023” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылуына орай, Үржар ауданы бойынша ВОЛЕЙБОЛДАН ерлер командасы арасында турнир өтті.
1 орын - “Жастар ресурстық орталығының” командасы @urjar_jastary
2 орын - Абылайхан Орта мектебінің командасы @abylai_khan.school
3 орын - Тарбағатай ұлттық паркінің командасы @tarbagatai_2018
Барлық ойыншылар Ұлттық парк директорының м.а Қ.Сарсембаевтың мадақтама қағаздарымен марапатталып, бағалы силықтарға ие болды.
Экскурсия жөніндегі нұсқаушы - Э.Баженов.
- Толығырақ
26-мамыр күні ұлттық парк кеңсесінің ауласында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру аясында сенбілік шарасы өтті.
Сенбілікке мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Күні бойы компьютерде отырған қызметкерлерге бір күн күрек пен қалақ ұстап, сенбілікке атсалысу қиын шаруа болмады.
Осындай сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
- Толығырақ
Бүгін, 26-мамыр күні Үржар аудандық кітапханасында «Абай облысы Үржар ауданының Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша теориялық білім деңгейін арттыру, практикалық дағдылар мен дағдыларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар өтті.
- Толығырақ
25-мамыр күні туризм бөлімі «Парктер шеруі – 2023» экологиялық акциясының «Экокәдесый жасау» байқауының жеңімпаздары Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушыларын «Әлет» туристік маршрутына экскурсияға шығарды.
Экскурсия - бұл сөз әрбіріміздің туристік саяхатымыз, жаңа жерлермен танысуымыз, эмоционалды көңіл күйіміз жайлы ойлармен байланысты, яғни туризмнің өзегі.
Экскурсиямыздың мақсаты - мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен экскурсанттарды таныстыру, мектеп оқушыларын бала жастан туризмге тарту, азаматтық сезімге, туристік мәдениетке тәрбиелеуге мүмкіндік беру.
- Толығырақ
Мамыр айының 23-і күні Туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданымыздың Бестерек ауылының М.Хасенов атындағы орта мектебінде «Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында іс шара өткізді. «Алакөл» табиғи қорығының Экологиялық ағарту және Ғылым бөлімдерінің қызметкерлері құрметті қонағы болды!
Іс шара барысында мектеп директоры, туризм бөлімінің басшысы, және Алакөл қорығының қызметкерлеріне алғы сөз берілді.
Оқушылар өз тараптарынан концерттік бағдарламалар қойып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Туризм бөлімінің экологиялық ағарту инженері А.Кобенова «Ұлттық парктің көрікті жерлері» тақырыбында 3D картамен лекция оқыды.
Қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, кері жауап берілді.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры