- Толығырақ
Қазақстанда бұрын кең таралған, бүгінде саны бірте-бірте азайып бара жатқан түр. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 11 килограмға дейін жетеді Қанатының ұзындығы – 64-77 см, тұмсығы – 30-45 см. Тұмсығы үлкен, қатты әрі ұзын. Аталығы мекиендеріне қарағанда ірірек, салмағы 13 кг-ға дейін жетеді. Саны аз құс болғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Жыныстық жағынан 3-4 жасында жетіледі. Әдетте жылына 1-3 жұмыртқадан сәуір-мамыр айларында салады. Ұясын қамыстардың арасына жасайды. Жұмыртқаларды әтеші де, мекиені де басады. Балапандар 33-39 күнде жарып шығады. Алғашында олар түксіз болады, алайда көп ұзамай қарақоңыр мамығы өседі. 2-2,5 айдан соң қауырсындана бастайды.
Ұлттық парктің аумағында қызғылт бірқазандарды тек ұшып қону кезінде ғана кездестіруге болады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің
кіші ғылыми қызметкері: Ә.Қаирбекова,
Аңшы биолог: А.Рахимбеков.
- Толығырақ
10 мамыр күні Үштөбе мастерлік учаскесінің мемлекеттік инспекторлары «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізді. Ұлттық парк территориясында орналасқан Ақтам және Есентай бұлақтарының көзін ашып, маңайына қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Жалпы акцияның мақсаты — табиғатты таза ұстап, келешек ұрпаққа сақтау. Барлық жерлестеріміз бен жастарымызды туған еліміздің тазалығын сақтауға және осындай экологиялық іс-шараларға үнемі қатысуға шақырамыз!
Экскурсия жетекшісі Р.Корпешов.
- Толығырақ
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы – осы мерекенің жемісі. Сондықтан да, халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да күрескен жандардың барлығы айрықша құрметке ие!
Осынау мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын, әр үйге тыныштық, тек бейбіт күндер мен жағымды жаңалықтар тілейміз!
Құрметті ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты күндеріміз үшін алғысымызды білдіреміз! Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын!
Шын пейілді құрметпен: «Тарбағатай» ұлттық паркі ұжымы.
- Толығырақ
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
Ізгі ниетпен: «Тарбағатай» ұлттық паркі ұжымы.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 6 мамыры күні, «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Тарбағатай» МҰТП» РММ-нің индикаторлық түрлері» атты дәріс сабақты «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 4-сынып оқушыларына өткізді.
Сабақ барысында оқушыларды ұлттық парк аумағында мекендейтін жануарлардың индикаторлық түрлерімен таныстырып, дәріс соңында топтық жұмыс жасады.
Дәріске 40 оқушы қатысты.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры