Касенбаев Бахитжан Маратович “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қарабұйрат орманшылығының мемлекеттік инспекторы қызметін атқарады. Ол ұлттық парктегі еңбек жолын 2021 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін табиғатты қорғау саласында адал қызмет етіп келеді.
Бахитжан Маратович өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын жан. Мемлекеттік инспектор ретінде оның басты міндеті — орман алқаптарын заңсыз ағаш кесуден қорғау, өрт қаупін болдырмау, табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету және экологиялық тәртіпті бақылау. Осы бағытта ол әрдайым табандылық танытуда.
Күнделікті жұмыс барысында ол орманды қорғау ісінің тек қызмет емес, үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететінін жақсы түсінеді. Табиғатты аялау, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – оның кәсіби және адамгершілік ұстанымдарының бір бөлігі.
Ұлттық парктің баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.
 	
															
					













