🏫 2025 жылдың 2-қазан күні Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері «Абылайхан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-сінің 3 «Б» сынып оқушыларына Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай дәріс сабақ өткізді.

☀️Бұл күн – табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылатын жануарларды қорғау, олардың маңыздылығын ұғындыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында атап өтілетін маңызды күн.

🎯 Дәріс сабақтың басты мақсаты – оқушылардың бойында жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту, оларды қорғауға үндеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

📚 Дәріс сабақ барысында оқушыларға жануарлар әлемінің әртүрлілігі, олардың тіршілік ету ортасы мен адам өміріндегі рөлі туралы қызықты ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен оларды сақтау жолдары жөнінде бейнероликтер көрсетілді.

🖊️📹 Аға ғылыми қызметкер А.Шәріпқанова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95