Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай “Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ қызметкерлері арасында шағын футболдан “Тарбағатай МҰТП кубогы” өтті.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өзара ұйымшылдық пен шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде:
🏆 1 орын – Өрт сөндіру бөлімі
🥈 2 орын – Мақаншы орманшылығы
🥉 3 орын – Үржар орманшылығы
Жекелей номинациялар бойынша:
⚽ Үздік қақпашы – Дүйсекенов Ерлан
🛡 Үздік қорғаушы – Тоқтасынұлы Даулет
🔥 Үздік шабуылшы – Бектұр Ерсұлтан
Сонымен қатар, белсенді қатысқандары үшін Қарабұйрат орманшылығы мен Жүргізушілер командасы марапатталды.
Бұл турнир ұйым ішіндегі ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайтып, орман қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырды. 🌿 Экскурсия жетекшісі: Жансая Сакиева
															
					













