2025 жылдың 23 қазан күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері Қ.Төлеубеков атындағы орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары арасында «Қар барысын сақтау» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырды.
 Іс-шара барысында оқушыларға қар барысы туралы қызықты мәліметтер беріліп, оның табиғаттағы маңызы мен сирек кездесетін түр ретінде қорғаудың қажеттілігі түсіндірілді.
Одан кейін оқушылар өз ойларын шығармашылық түрде қағаз бетіне түсіріп, «Қар барысын сақтау» тақырыбында шығарма жазды.
 Байқау соңында үздік деп танылған жұмыстардың авторлары арнайы мадақтама грамоталарымен марапатталды.
Жалпы байқауға 14 оқушы қатысты.
 Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатты аялауға, жануарлар дүниесін қорғауға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.
ҒАЭМ бөлімі
															
					













